Біз тұралы

Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» 1969 жылы 1-ші желтоқсан күні ҚазССР ҒО-ның
академигі Д.В. Сокольскийдің бастауымен қаланған — Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1969 жылы 25-ші тамызындағы №543
қарауында.
Дмитрий Владимирович Сокольский (1910—1987) — химик, ҚазССР ҒО-ның академигі (1951), химия ғылымдарының докторы
(1949), профессор (1949), Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1960), Социалистік Еңбек Ері (1969), ҚазССР мемле-
кеттік премиясының лауреаты (1974), Будапешт политехникалық университетінің құрметті докторы.
2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап «Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ы 100% акциясы «Қазақ-Британ Техникалық Университеті» АҚ тиесілі акционерлік қоғам түріндегі заңды тұлға болып табылады».
Қазіргі таңда, «Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның Бас директоры Жұрынов Мұрат Жұрынұлы – ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік премиясының лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор.
«Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның штатында 200 астам ғылыми қызметкер, оның ішінде ҚР ҰҒА академиктер, ғылым докторлар жəне ғылымдар кандидаттары бар.
Институттың құрылымында 10 зертхана бар.

Құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін, жарты ғасырдан астам уақыт ішінде көптеген өнертабыстардың, авторлық куәліктердің және халықаралық патенттердің иегерлері ғалымдар ұжымы өнеркәсіпте көптеген әзірлемелерді енгізіп, жүздеген ірі мемлекеттік және коммерциялық жобаларды жүзеге асырды.

Институттың басым бағыттары: көмірсутекті және минералды ресурстарды терең өңдеу, коррозия, экология және қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздері, технологиялық процестерді модельдеу және олардың негізінде цифрлық егіздерді құру, білім беру қызметіне интеграциялау.

Институттың зерттеулері жаһандық трендтерді ескере отырып жүргізіледі және әлемдегі ірі ғылыми орталықтар мен компаниялардың ұқсас әзірлемелерімен бәсекелеседі. Институттың ғылыми жетістіктері халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Институтта шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі әзірленген технологиялардың республикадағы және көршілес елдердегі кәсіпорындарда сәтті тәжірибелік және жартылай өнеркәсіптік сынақтарымен расталады.