Д.В.
Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» 1969 жылы
1-ші желтоқсан күні ҚазССР ҒО-ның
академигі Д.В.
Сокольскийдің бастауымен қаланған – Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1969
жылы 25-ші тамызындағы №543
қарауында.
Дмитрий Владимирович
Сокольский (1910—1987) — химик, ҚазССР ҒО-ның академигі (1951), химия
ғылымдарының докторы
(1949), профессор (1949),
Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1960), Социалистік Еңбек Ері
(1969), ҚазССР мемле-
кеттік премиясының
лауреаты (1974), Будапешт политехникалық университетінің құрметті докторы.
2010 жылдың 27
қыркүйегінен бастап «Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ы 100% акциясы
«Қазақ-Британ Техникалық Университеті» АҚ тиесілі акционерлік
қоғам түріндегі заңды тұлға болып табылады».
Қазіргі таңда, «Д.В.
Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның Бас директоры Жұрынов Мұрат Жұрынұлы – ҚР
ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік премиясының лауреаты, химия
ғылымдарының докторы, профессор.
«Д.В. Сокольский
атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның штатында 112 ғылыми қызметкер, оның ішінде 3 ҚР
ҰҒА академигі, 14 ғылымдар докторы жəне
42 ғылымдар кандидаты бар.
Институттың құрылымында 9 зертхана бар.