Жас ғалымдар кеңесі

«Д.В.Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) 2003 жылы Бас директор М.Ж. Жұрыновтың бұйрығымен құрылған және қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кеңестің қызметі мансаптық өсуді ынталандыруға және «Д.В.Сокольский атындағы ЖКЭИ» жас ғалымдарының шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.

ЖҒК мақсаты – өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту.

«Д.В.Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ Жас ғалымдар кеңесінің жұмысы жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, оның аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:

  1. Шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру.
  2. Қызметкерлерді магистратура мен докторантураға қабылдауға дайындау.
  3. Қызметкерлерді мемлекеттік конкурстарға қатысуға ұсыну.
  4. Оқыту шеңберінде тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
  5. Жас ғалымдар мен жетекші ғылыми топтар арасында халықаралық байланыс орнату.
  6. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру.

Жыл сайын тамыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым саласындағы жеке марапаттарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға, оның ішінде дарынды жас ғалымдарға арналған 50 ғылыми стипендияға конкурсқа құжаттарды қабылдайды. Соңғы 5 жылда «Д.В.Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ стипендиаттары:

  1. Иванов Николай Сергеевич
  2. Талғатов Эльдар Талғатұлы
  3. Болд Амангүл
  4. Пузикова Дарья Сергеевна
Дарья Сергеевна ПУЗИКОВА
ЖҒК төрайымы
Электрохимия және нанотехнологиялық процестер зертханасының аға ғылыми қызметкері
+7 707 827 4421 d.s.puzikova@mail.ru
Ескендір Ерсаянұлы АДЕЛБАЕВ
ЖҒК төрағасының орынбасары
Қолданбалы зерттеулер зертханасының кіші ғылыми қызметкері
+7 701 314 78 51 iskanderadelbayev@gmail.com
Ержан Асқарбекұлы БӨЛЕУБАЕВ
ЖҒК хатшысы
Газ-химиялық технологиялар секторының ғылыми қызметкері
+7 701 339 80 66 Erzhan_bol@mail.ru