Жоба · ЖТН AP23488040
Қазба жанармайын пайдаланатын жылу құрылғыларының түтін шығарындыларындағы көміртек оксидтерін жинау және кәдеге жарату жүйесі негізінде декарбонизация процесінің цифрлық егізі
Жобаның мақсаты — CO₂ ұстау, жинау және кәдеге жаратуға арналған көпмодульді жүйелер негізінде декарбонизация процесінің цифрлық егізін құру және жүйелердің өзін қатар жобалау, сондай-ақ тауарлық өнім алу мүмкіндігін қарастыру.
Бюджет119 999 857,30 ₸
Мерзімі2024–2026
БасымдықОзық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
Ғылыми бағытАқпараттық және есептеу технологиялары
Негізгі нәтижелер
Декарбонизация процесінің цифрлық егізі
Модульдер мен көпмодульді қондырғыны сынау стенді; қатты бөлшектер мен күйені жою, қышқыл газдарды тазарту, CO/NOx/көмірсутектерді каталитикалық бейтараптандыру, CO₂ сорбциясы мен десорбциясы модульдері; пилоттық қондырғы және оператор нұсқаулығы бар цифрлық егіз жасалды.
Зияткерлік меншік
«ЦД-ПД-01-26» бағдарламалық жасақтамасына ҚР Әділет министрлігінде авторлық құқық тіркелген.
CO₂ · DIGITAL TWIN · PILOT
ЖТН AP23488040
Түтін газдарын көпмодульді тазарту, CO₂ ұстау жүйесі және барлық модульдерді оңтайландыруға арналған цифрлық егіз.